Accessibility links

Семейде Абайдың 165 жылдығына арналған шаралар басталды


Семейде ақын Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына арналған шаралар басталды. Бұл туралы Азаттық радиосына Семейдегі "Жидебай-Бөрлі" қорық-мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлы хабарлады.

Оның сөзінше, қазір мұражайда ақындардың мүшәйрасы өтіп жатыр. Ал түстен кейін облыстық ән байқауы өтеді екен.

Бейсенбі күні Абайдың шығармашылығына қатысты халықаралық конференция өтеді. Оған Қырғызстан, Моңғолия мен Ресейден келген ғалымдар қатысады. Қазанның 8-і күні Абайдың мерейтойына келген қонақтар Жидебай мен Бөрілі мұражай кешендеріне барады.

Абайдың 165 жылдығына арналған шаралар 8 қазанда «Қаламқас» ансамблінің мерекелік концертімен аяқталады.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG