Accessibility links

Нобель сыйлығын АҚШ пен Жапония ғалымдары алды


Химия ілімнен 2010 жылғы Нобель сыйлығын америкалық ғалым Ричард Хек және жапон ғалымдары Эйити Нэгиси мен Акира Сузуки алатын болды.

Сәрсенбі күні Нобель комитеті хабарлағандай, 3 ғалым органикалық синтез саласындағы ізденістері үшін ең мәртебелі сыйлықпен марапатталды.

Осы ғалымдардың ашқан жаңалықтары нәтижесінде фармакология, тыңайтқыштар өндірісі және электрондық өнеркәсіпке қажетті органикалық құрамалар саласында кең қолданылатын саф таза химиялық заттарды алуға мүмкіндік туды.
XS
SM
MD
LG