Accessibility links

Ақтөбелік мұнайшылар арызы қанағаттандырылмады


"АқтөбеМұнайГаз" компаниясының жұмыстан қуылған үш жұмысшысына қатысты сот аяқталды, деп хабарлайды Стан ақпараттық бейнепорталы.

Қазанның 6-сы күні Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты жұмысшылар арызын қанағаттандырмады.

Осы жылдың шілде айында Жаңажол кен орнының бұрынғы қызметкерлері Қарлыбай Толыбаев, Серік Бітікбаев және Құсайын Құлмұратовтар "наразылық шарасын ұйымдастырды" және "компанияға шығын келтірді" деген себеппен жұмыстан қуылған еді.

Олар өздерін заңсыз жұмыссыз қалдырды деп сотқа шағымданған. Қазір аудандық сотта тағы бір топ мұнайшының ісі қаралып жатыр. "АқтөбеМұнайГаз" басшылары 16 маусым күнгі ереуілде жұмысшылардың жұмысқа шықпай, техника тоқтап қалғанына соларды айыпты деп, материалдық шығын ретінде 20 мың доллар талап етіп отыр.

AzattyqTV

Қазақ-өзбек шекарасы

Достық тұрғындарының шағымы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG