Accessibility links

"Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысы белсенділеріне айыппұл салынды


Алматының әкімшілік соты "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының екі мүшесін жауапқа тартып, айыппұл төлеуге міндеттеді.

Қазанның 6-сы күні өткен сот, Әкімшілік кодекстің "Бейбіт митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу" туралы бабын бұзды деген негізде Жанна Садықоваға алты мың теңгеден аса көлемде (шамамен 43 доллар) айыппұл салды.

Ал "екінші мәрте рұқсат етілмеген шараға қатысқаны" үшін Сұлубике Жақсылықоваға 65 мың теңге (500 доллар) көлемінде айыппұл салынды.

Қозғалыс мүшелері қазанның 4-і күні Ұлттық банк ғимаратының алдында рұқсат етілмеген пикет ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылып отыр.
XS
SM
MD
LG