Accessibility links

Асқар Шәкіров Варшавада баяндама жасады


Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Варшава қаласында (Польша) өткен ЕҚЫҰ Шолу конференциясына қатысып, баяндама жасады. Бұл туралы омбудсмен баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Ұлттық құқық қорғау институттары мен адам құқықтарын қорғауда азаматтық қоғамның ролі» атты баяндамасында омбудсмен құқық қорғау қызметінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз және тиімді өзара әрекеттесу қажеттілігін қамтитын осы мәселедегі өз пікірімен бөлісті.

Конференция қазанның 8-і күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG