Accessibility links

Университет ұстазының үстінен қылмыстық іс қозғалды


Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ұстазы Саят Ибраевтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Бұл туралы бүгін оның туыстары мен әріптестері Алматыда өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Олардың сөзінше, Саят Ибраевқа қандай айып тағылғаны белгісіз және алдағы уақытта сот отырыстары ақпарат құралдарының қатысуынсыз, жабық жағдайда өтеді деп белгіленген. Осыған қатысты қазанның 7-сі күні бір топ ғалым соттың ашық өтуін талап етіп, қалалық бас прокуратураға өтініш хат жолдады.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ибраев 3 ғылыми монография мен 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Бес патентке ие болған.
XS
SM
MD
LG