Accessibility links

Сербия президенті Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне қатысады


Сербия президенті Борис Тадич ағымдағы жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне қатысатынын растады.

Ол бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздер барысында айтты. Мұнымен қоса Тадич Қазақстан президентін Белградқа сапармен келуге шақырды.

Одан өзге, екі ел басшыларының бүгінгі кездесуі барысында Астанада Сербия елшілігінің ашылатындығы айтылды.

«Біз сіздің Астана қаласында Сербия елшілігін ашу жөніндегі бастамаңызды қолдаймыз және бұл мәселеде қандайда болсын көмек көрсетуге әзірміз», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG