Accessibility links

Шет елде емделіп жатқан Қалмырзаев жұмысқа 12 қазанда шығады


Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев шет елде қаралып жатыр, қазанның 12-сі күні жұмысқа шығуы керек. Бұл туралы бүгін ҚазТАГ ақпарат агенттігі президенттің іс басқарушысы қызметін уақытша атқарып отырған Абай Бисембаевке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Президенттің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев дүйсенбі, қазанның 4-інен бері шет елде қаралып жатыр. Ол ешқандай инсульт алған жоқ", - деді ол.

Оның сөзінше бес күннен кейін Қалмырзаев жұмысқа шығуы тиіс.

«Мен онымен күнделікті телефон арқылы хабарласып тұрамын. Жұмысқа қатысты сұрақтарды талқылап, тапсырмалар алып отырмын. Қазанның 12-сінде Сарыбай Сұлтанұлы жұмысқа шығуды жоспарлап отыр", - деді Бисембаев.
XS
SM
MD
LG