Accessibility links

Пәкістанда НАТО-ның 40-қа жуық автоцистернасы жойылды


Пәкістанда Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жанармай таситын автоцистерналарға тағы 2 шабуыл жасалды. 40-қа жуық автоцистерна жойылды.

Хабарға қарағанда, Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласының түбінде 20 автоцистернаға өрт қойылды. Көп ұзамай Пәкістанның солтүстік-батысынан да дәл осындай хабар жетті.

Бұл шабуылдар АҚШ-тың өз күштерінің әуе соққысынан Пәкістан жауынгерлерінің қаза болғаны үшін кешірім сұрауының ізінше болып отыр. Вашингтон әуе соққысының қате болғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG