Accessibility links

ЕҚЫҰ Қырғызстандағы сайлауға деген әзірлікті оң бағалады


Қырғызстанда егер 10 қазандағы парламент сайлауында бірде-бір саяси партия 5 пайыздық межеден өте алмаса, онда қайта дауыс беру болады.

Сайлау мен референдум өткізу бойынша орталық комиссияның төрағасы Ақылбек Сариев хабарлағандай, Жогорку Кеңештегі 120 депутаттық орынға 29 партия таласады.

Дауыс берудің төменгі шегі жоқ. Қанша сайлаушы дауыс берсе де, сайлау заңды болып есептеледі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушы миссиясы Қырғызстандағы сайлауға деген әзірлік барысын оң бағалады.

Оның есебінде атап көрсетілгендей, партиялар өздерінің сайлауалды науқандарын еркін өткізіп жатыр. Партия тізімдері гендерлік талаптарға лайық және кіші-гірім ұлттардың өкілдігі де ойдағыдай.
XS
SM
MD
LG