Accessibility links

Жансейіт Түймебаев Қазақстанның Түркиядағы елшісі болып тағайындалды


Қазақстан президентінің жарлығымен Жансейіт Түймебаев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрі қызметін атқарған еді.

Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып Ғалымқайыр Мұтанов тағайындалды.

Мұтанов - техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының, Халықаралық шығармашылық академиясының, Халықаралық кадрлар академиясының мүшесі.

Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласына еңбек сіңірген қайраткері.
XS
SM
MD
LG