Accessibility links

Францияда пәренже киюге тыйым салатын заң мақұлданды


Францияның Конституциялық соты қоғамдық орындарда пәренже киюге тыйым салатын заңды мақұлдады.

Енді заң бойынша қоғамдық орындарда бетін жауып жүрген қыз-келіншектерге 150 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ал әйелдерін пәренже киюге мәжбүрлейтін ер азаматтар үшін 1 жылға дейін түрме мерзімі және қосымша 30 мың еуро айыппұл қарастырылған.

Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Францияда мұсылмандар көп тұрады. Олардың саны 5 миллионға жуық..

Осындай заң жобасы қазіргі таңда Испания, Бельгия және Голландияда талқыланып жатыр.
XS
SM
MD
LG