Accessibility links

Құсмұрында бір сотталушы өлді деп хабарлайды құқыққорғаушы



Қостанай облысының Құсмұрын елді-мекеніндегі УК–161/4 жалпы режимдегі колонияда бір сотталушы қаза тапты. Бұл туралы Азаттық радиосына құқыққорғаушы Вадим Курамшин сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, түрме әкімшілігі тұтқынды өлгенше ұрып соққан. Сотталушының ішкі органдары зақымдалып, көз жұмған. Алайда Азаттық тілшісі Құсмұрындағы түрмеге хабарласқанда кезекші оқыс оқиға болмағанын айтты.
XS
SM
MD
LG