Accessibility links

Лукашенко қарсыласы президент сайлауына қатыспайтын болды


Белоруссияның либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Сергей Гайдукевич өзінің президент сайлауына қатыспайтындығын мәлімдеді.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған сәйкес өтініш елдің Орталық сайлау комитетіне жіберілген. Гайдукевич өзінің бұл шешімін "қойылымға қатысқысы келмейтіндігімен" түсіндірді.

Осылайша Белоруссияда президенттікке 16 үміткер қалып отыр. Қазір осы үміткерлерді қолдаушылар қолы жиналып жатыр.

Сайлау үстміздігі жылдың 19-шы желтоқсанында өтеді.
XS
SM
MD
LG