Accessibility links

Ауғанстанда италиялық төрт әскер мерт болды


Әскери көліктегі жарылыс салдарынан төрт сарбаз қаза тауып, тағы біреуі жарақат алған.

Хабарларға қарағанда, жарылыс елдің оңтүстік-батысындағы Фарах аймағында болған. Италия Қорғаныс министрлігінің деректері бойынша, әскерлер Гүлістан жазығынан тапсырмадан қайтып келе жатқан екен.

Қазан айының басынан бері Ауғанстандағы НАТО бастаған халықаралық күштердің құрбан болған сарбаздарының қатары осымен 16-ға жетті.
XS
SM
MD
LG