Accessibility links

Қырғызстан демократиялық парламент құрып жатыр


Қырғыз билігінің өкілдері сайлауды қақтығыссыз өткізуге бар күш-жігер жұмсалатынына сендірген, ал президент Роза Отунбаева әсіресе этникалық өзбектерді дауыс беріп, таңдау жасауға шақырған болатын.

Президент Отунбаева таңертеңгілік Бішкектегі сайлау учаскесінде өзі дауыс бергеннен кейін, қырғыз халқы парламенттік республиканы неғұрлым жылдам құрып, оны өздері қорғайды деген үмітін білдірді.

Жоғарғы кеңестегі 120 орынға Қырғызстанның 29 саяси партиясының үміткерлері бәсекеге түскен. Бақылаушылардың болжамынша, 5 пайыздық парламенттік межеден шамамен 6 партия аса алады.
Дауыс беруге барлығы 2,8 миллион сайлаушы тіркелген.
XS
SM
MD
LG