Accessibility links

Белград: полициямен қақтығыста жүзден аса адам зардап шекті


Соңғы мәліметтерге қарағанда, Белградта гей-парадты күзеткен полициямен арадағы қақтығыста 120 адам зардап шекті. Тағы жүзге тарта адам қамауға алынды.

Ақпаратқа қарағанда, тәртіпсіздіктерден қалаға бір миллион еуродан аса зиян келген.

Шеруге шыққандар полицияға тас пен жанатын сұйықтық құйылған бөтелке лақтырған. Полиция оларға жауап ретінде көзден жас шығаратын газ бен рәзіңке оқ қолданған.
XS
SM
MD
LG