Accessibility links

Таразда жүк пойызының цистернасынан хлор ақты


Өзбекстаннан келе жатқан жүк пойызындағы хлордың төгілуі тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланып отыр.

Жексенбі күні таңертең Таразда, «Жамбыл» темір жол стансысында жүк пойызын тексеру барысында цистерналардың бірінің ернеуінен хлор ағып тұрғандығы анықталған.

Министрлік ақпаратына қарағанда, жүкті жөнелтуші - «НовоиАзотзауыты» ААҚ (Өзбекстан), ал қабылдап алушы - «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы).

Арнайы шара барысында цистернаның ернеуінің резеңке төсемі ауыстырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
XS
SM
MD
LG