Accessibility links

Хиллари Клинтонның Балқан елдеріне сапары басталды


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Балқан елдеріне ресми сапары басталды. Сапар аясында Клинтон Босния мен Герцеговина, Сербия мен Косовоға барады.

Дүйсенбі күні мемлекеттік хатшы Сараевода Босния басшылығымен кездеседі. Кейін Хиллари Клинтон Белградқа барады деп хабарланып отыр. Онда ол Сербия билігімен Косово мәселесін талқылайтын болады.
XS
SM
MD
LG