Accessibility links

Лондондағы жарылыстар бойынша сот тыңдауы басталды


Ұлыбританияда Лондондағы 52 адамның қазасына себеп болған 2005 жылдың 7 шілдесіндегі жарылыстар ісі бойынша ресми сот тергеуі басталды.

Сот тыңдауы 5 ай жалғасады. Сот тыңдауының басталуы тергеудің ұзаққа созылуынан кейінге ысырылып келді.

Сот тергеуінің басты мақсаттарының бірі – Лондон метросы мен автобустағы террорлық қастандықтарды британ арнаулы қызметінің болдырмайтын мүмкіндігі болды ма, соны анықтау болып отыр.

2007 жылы мәлім болғандай, Ұлыбританияның қарсы барлау қызметінде қастандықты ұйымдастырушылардың бірі Мохаммад Сиддик Ханның террорлық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген мәліметі болды.
XS
SM
MD
LG