Accessibility links

Ауғанстанда Раббаниге күдік түсіп отыр


Ауғанстанның бейбітшілік бойынша Жоғарғы кеңесінің жаңа төрағасына әрі соғыс ардагері Бурхануддин Раббаниге әскери қылмыстар істеді деген күдік түсіп отыр.
Өткен жексенбі күні президент Хамид Карзайдың әкімшілігі бейбітшілік бойынша Жоғарғы кеңесті Раббани басқарады деген қаулы қабылдады.

Раббани – 1980-жылдары совет армиясына қарсы шайқасқан моджахеддердің бұрынғы көсемі, 90-жылдардың басынан бері өз билігін «Талибан» қозғалысы құлатқан 1996 жылға дейінгі Ауғанстан президенті болды.

1990-жылдардағы соғыстың салдарынан мыңдаған ауған азаматы қырылды немесе елден босып кетуге мәжбүр болды.
«Талибан» көсемдері алғашқыда Ауғанстаннан шетел әскерлері толық шығарылмай, бейбіт келіссөзге отырмайтынын мәлімдеген болатын.

Бірақ, бір мәлімет бойынша, кейбір тәліп көсемдерінің ауған билігімен тікелей немесе жанама байланысы бар көрінеді.
XS
SM
MD
LG