Accessibility links

Бүгін Қазақстан-Германия құрамалары кездеседі


Бүгін, қазанның 12-сінде «Астана-Арена»стадионында Қазақстан мен Германия құрамалары алғаш рет кездеседі.

Соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Германия құрамасы «А» тобының көшін бастап келеді. Жұма күні Түркияны қабылдап, басты қарсыластарын 3:0 есебімен ұтқан Йоахим Лев шәкірттері үш ойыннан кейін 9 ұпай жинап, алға шықты.

Бернд Шторктың жетекшілігіндегі Қазақстан құрамасы өткен жұма күні Бельгия құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол кездесуде алаңнан қуылған Александр Кислыцин сейсенбі күнгі матчқа қатыспайды. Сол сияқты команда капитаны Андрей Карпович те ескертуіне байланысты ойынға жіберілмейді.

Егер бұл жолы алаң иелері жеңіске жетпесе, бас бапкер Бернд Шторк қызметінен кетуі мүмкін. Қазақстан футбол федерациясы жыл басында жаттықтырушымен келісім-шартқа отырғанда биылғы төрт ойында үш ұпайды еншілеуді тапсырған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG