Accessibility links

Қалмырзаев "Алматы" курортының ашылуына қатысты


Бүгін Алматы маңындағы «Алматы» сауықтыру орталығының ашылуына Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев келді. Бұл туралы шараға қатысып жатқан Азаттық тілшісі хабарлап отыр.

Бұған дейін, шет елде ем қабылдап жатқан Сарыбай Қалмырзаев қазанның 12-сі күні жұмысқа шығуы керек деп хабарланған еді.

Қазанның 6-сы күні ҚазТАГ агенттігі Сарыбай Қалмырзаевтың қазанның басында инсульт алғандығы жайлы жазды. Одан кейінгі ақпаратқа қарағанда "ол Еуропа елдерінің бірінде, атап айтқанда Германияда болуы мүмкін" делінген еді.
XS
SM
MD
LG