Accessibility links

Р.Гейтс АСЕАН аумағына қатер төнгенін ескертті


Сейсенбі күні АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс мәлімдегендей, жер дауы мен теңіз аумағындағы таластар Азия-Тынық мұхиты аумағының тыныштығына төнген қатер және ол қатер өсіп келеді.

Гейтс бұл сөзін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы – АСЕАН мен оның АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Ресей сынды әріптестерінің қорғаныс министрлерінің кездесуінде айтты.

Бұл басқосу Қытай мен Жапонияның арасындағы жаңа дау шыққан кезде өтіп жатыр. Токио мен Бейжің арасындағы жаңа дау Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдар жағалауында қытайлық кеменің капитанын тұтқындап, босатуынан шықты.

Қытайдың қорғаныс министрі Лян Гуанле Қытайдың қарулы күштерінің нығаюы біреуге күш көрсетуді немесе қатер төндіруді көздемейді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG