Accessibility links

Палестина Израильдің ұсынысын қабылдамады


Израиль премьер-министрі егер Палестина Израильді еврейлердің отаны деп мойындаса, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының құрылысын тоқтатуды ұсынды. Бірақ Палестина ол ұсынысты қабылдамады.

Израиль премьері Беньямин Нетаньяху Палестинамен арадағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру үшін Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының құрылысын қайта тоқтату жөнінде халықаралық қысымға түсті. Оның Израильді еврейлердің отаны деп мойындау туралы ұсынысын Палестина өкілдері қабылдамады.

Израиль мен Палестина арасындағы бетпе-бет келіссөз АҚШ-тың дәнекер болуымен қыркүйек айының басында басталды.

Бірақ Израиль еврей қоныстарының құрылысын тоқтатудың мерзімі ұзартылмай, Палестина келіссөзді жалғастырудан бас тартты.

Палестиналықтар Иордан өзенінің Батыс жағалауын жаңа тәуелсіз елінің жеріне қосып алуға үміттенеді.
XS
SM
MD
LG