Accessibility links

Х.Клинтон Балкан сапарын Сараеводан бастады


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Балкан Босния-Герцоговинадағы барлық ұлт пен дінді НАТО мен Еуропа Одағына кіруге қажетті саяси реформаларға атсалысуға шақырды.

Х.Клинтон бұл сөзін сейсенбі күні Балкан елдерін аралайтын 2 күндік сапарымен Босния-Герцоговина астанасы – Сараевода айтты.

Сараевода ол Босния мемлекетінің басшысы міндетін атқаратын төралқа мүшелерімен келіссөз өткізуге тиіс. Бұл кездесу осы айдың басындағы сайлаудың ізінше өтейін деп отыр.

Бұл сайлау азамат соғысының аяқталуынан 15 жыл өтсе де ұлттық жікшілдіктің әлі де жалғасып, саяси реформаларға тежеу болып отырғанын аңғартты.

Сараеводан кейін Хиллари Клинтон Сербия президентиі Борис Тадичпен Косово дауын талқылау үшін Белградқа баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG