Accessibility links

Ақ үй Қытайдағы Нобель лауреатына араша түсті


АҚШ үкіметі ресми Бейжіңді бейбітшілік бойынша осы жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобоның зайыбының жүріс-тұрысына қойылған шектеуді тоқтатуға шақырды.

Людің зайыбы «Хартия-08» манифесін шығарғаны үшін «мемлекеттің іргесін шайқамақ болды» деген айыппен түрмеде отырған ерімен жүздесуінен кейін үй қамауына алынды.

Өткен жексенбіден бері Людің үйін қауіпсіздік қызметінің өкілдері күзетіп тұр.

Өз манифесінде Нобель лауреаты Қытайда демократиялық реформалар жүргізуге шақырды.

Людің зайыбы хабарлағандай, ері сыйлықты алу үшін өзін Норвегияға жібереді деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG