Accessibility links

Меркель Иранды 2 шетелдікті босатуға шақырды


Германия канцлері Ангела Меркель Иран үкіметін жорамал бойынша неміс азаматы болып табылатын 2 шетелдікті босатуға шақырды. Ресми Теһран оларды «журналиспіз» деген жалған ақпар берді деп айыптайды.

Ұсталғандардың аты-жөндері хабарланбады. Олар ерінің көзіне шөп салғаны үшін өлім жазасына кесілген Сакине Мохаммади Аштиани деген әйелдің ұлымен сұхбат өткізіп жатқан кезінде дүйсенбіде ұсталды.

Әйелдің өлім жазасына кесілуіне адамның құқын қорғаушылар мен талай елдің басшылары наразылық білдірді.

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдегендей, 2 шетелдік елге туристік визамен келді және, министрліктің дерегі бойынша, олардың шет елдердегі Иранға қарсы күштермен байланысы бар.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG