Accessibility links

Чили: 33 кеншінің алғашқысы жер бетіне шығарылды


Чилиде құтқарушылар 700 метр тереңдікте 70 күнге жуық уақыт болған 33 кеншінің алғашқысын көтеріп шығарды.

Екі баланың әкесі 31 жастағы Флоренсио Авалосты жер бетінде құтқарушылар, оның туыстары мен Чили президенті құшақ жая қарсы алды. Қазір кеншінің денсаулығын дәрігерлер тексеріп жатыр.

Қазіргі сәтте кеншілерді шахтадан көтеріп шығаратын "Феникс" капсуласы екінші мәрте 700 метр тереңдікке жіберілді.

Құтқару жұмыстары екі күнге созылуы мүмкін, себебі бір кеншіні жер бетіне көтеру үшін шамамен бір сағат уақыт қажет.
XS
SM
MD
LG