Accessibility links

Досқалиев тергеу изоляторына көшірілді


Экс-министр Жақсылық Досқалиев Астана қаласының тергеу изоляторына көшірілді. Бұл туралы бүгін қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайға сілтеме жасап, "Новости-Казахстана" агенттігі хабарлады.

"Қазанның 12-сі күні айыпталушы Астана қаласының тергеу изоляторына көшірілді", - деді Жұманбай.

Сол күні Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының № 2 соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауда ұстаудың мерзімін 10 тәуліктен 2 айға дейін ұзарту туралы экономикалық және жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігі немесе қаржы полициясының өтінішін қанағатандырған еді.

Досқалиевке жемқорлық істері үшін айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG