Accessibility links

Иран президенті Ливанға барды


Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад мемлекеттік сапармен Ливанға келіп жетті.

2 күндік сапарының барысында Иран лидері Ливан басшылығымен кездесіп, бітіспес «Хизболла» ұйымы қадағалайтын аудандар – Бейрут қаласының оңтүстігі мен Израиль шекарасы бойындағы қарапайым ливандықтар алдында сөз сөйлейді.

Бейрутта Махмуд Ахмадинежадты қолдаушыларының тобы қарсы алды.

Сонымен бірге Иран президентінің сапарына Ливан парламентіндегі көпшілікті құрайтын батысшыл саясаткерлер сын айтты.

Ахмадинежадтың сапарына АҚШ пен Израиль де наразы болды.
XS
SM
MD
LG