Accessibility links

Қырғызстанда сайлау хаттамалары салыстырылады


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 10 қазандағы парламент сайлауында берілген дауыстарды есептеу хаттамаларын салыстыруға келісті.

Сайлау комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариев хабарлағандай, салыстыру барлық сайлау хаттамасы Бішкекке жеткізілген соң мүмкін болады. Әзірше комиссияның қолында Ош қаласынан жеткізілген хаттамалар ғана бар көрінеді.

Оның алдында парламентке өтпей қалған партиялардың көсемдері жалпыұлттық конгресс құрғанын мәлімдеп, егер билік сайлау заңының бұзылған жайттарын тергемесе, онда мезгілсіз наразылық ереуілін бастайтынын ескертті.

Сейсенбі-сәрсенбі күндері наразылық ереуілдері Бішкек пен Ош қалаларында болды.

Парламентке өткен 5 саяси партияның көсемдері өзара коалиция құру жөнінде кеңес өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG