Accessibility links

Иран: соғыс базасындағы апаттан 18 адам опат болды


Иранның батысындағы әскери базада болған өрт пен жарылыстан, тың мәлімет бойынша, 18 адам опат болды. Бұл база Ислам төңкерісі сақшыларының корпусына қарайды.

Осы корпустың қолбасшысын сілтеген Иранның «Фарс» агенттігі хабарлағандай, тағы 14 адам күйікке шалдыққан.

Төтенше оқиға сейсенбі күні Иранның батысындағы Лорестан өлкесінде болды.

От жалыны әскери жарақ қоймасына дейін жайылып, өлкенің әкімшілік орталығы болып табылатын Хоррамабад қаласының маңында жарылыс болды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG