Accessibility links

Иранда шпиондарды ұстау науқаны басталды


Теһранның бас прокуроры елдің «жаулары», жорамал бойынша - АҚШ пен Израильге тыңшылық етті деген күдікпен 5 кісінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кімдердің ұсталғанын прокурор нақтылмады. Соттың қашан болатыны да хабарланбады.

Бас прокурордың сөзіне қарағанда, күдіктілер Иранның ғарыш бағдарламасы туралы, сондай-ақ компьютер технологиясы мен қорғаныс және экономикаға қатысты мәліметтерді беріп отырған.

Одан бұрын Иранның қауіпсіздік қызметінің басшысы Хейдар Мослехи елдің ядролық бағдарламасы туралы мәліметтерді өзге елдерге беріп отырған бірнеше жансыздың ұсталғанын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG