Accessibility links

ҰҚК төрағасы Қазақстанға терроризм жеткен жоқ деп сенеді


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың айтуынша Қазақстанда терроризмге жол беретін алғышарттар жоқ. Дегенмен, сырттан қауіп төндіріп тұрған бірқатар сыртқы факторлар бар.

Астанада өтіп жатқан лаңкестікке тосқауыл бойынша ЕҚЫҰ конференциясында сөйлеген Нұртай Әбіқаев өзі басқаратын комитеттің жеке-дара террористік топтар мен ұйымдардың Орталық Азия өңіріне, оның ішінде Қазақстанға қарай ұмтылысын әрдайым бақылап отырғанын мәлімдеді.

"Атап айтқанда, ел азаматтарын террористік бағыттағы іс-қимылға тарту, республика аумағында радикалды иедеологияны тарату әрекеттері байқалады. Осыған байланысты Қазақстанның ұстанымы терроризмнің кез-келген формасына тосқауыл қоюға бағытталған», - деді комитет төрағасы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG