Accessibility links

Грекиядағы наразылық ереуілдері басылар емес


Грекия астанасы Афинада полиция Акропольдің аумағына қосалқы есіктері арқылы бұзып кірді.

Шамамен 2 жылдық айлық жалақыларын төлеуді талап еткен Мәдениет министрлігінің бір жүздей қызметкері туристер ең көп келетін тарихи ескерткіштің негізгі қақпасын осымен екінші күн бөгеп отыр.

Полицияның арнаулы бөлімі сот туристердің Грекиядағы ең сүйікті жерін қызықтауға министрліктің қызметкерлері кедергі жасап отыр деген үкім шығаруынан кейін Акропольге басып кірді.
XS
SM
MD
LG