Accessibility links

Грек полициясы ереуілді күштеп қуып таратты


Грекия астанасы - Афинада полиция ереуілге шыққандарды көзден жас шығаратын газ қолданып, қуып таратты. 5 кісі ұсталды.

Шамамен 2 жылдық айлық жалақыларын өтеуді талап еткен Мәдениет министрлігінің 150-дей қызметкері туристер ең көп баратын Акрополь сынды тарихи ескерткішінің бас қақпасын 2 күн бойы бөгеп тұрған болатын.

Грекияда үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасына, оның ішінде бюджет пен әлеуметтік салалардың шығындарын күрт қысқартуына қарсы наразылық ереуілдері жиі болып тұрады.

Грек үкіметі орасан зор бюджет тапшылығын жою үшін қатаң үнемдеу саясатын жүргізіп отыр.
XS
SM
MD
LG