Accessibility links

"Біртұтас Қырғызстан" партиясын қолдаушылар Бішкекке қарай шеру тартпақ


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында парламентке өтпей қалған «Біртұстас Қырғызстан» партиясын қолдайтын мыңға жуық адамның наразылық митингісі аяқталды.

Жиналған жұрт дауыстардың ресми есебімен келіспейді және партия өкілдеріне депутат мандаттарын беруді талап етеді. Болмаса, Бішкекке шерулеп баратындарын ескертеді.

Осындай митингілер Бішкек, Баткен қалалары мен Жалалабад облысының жеке аудандарында болды.

Партия көсемі – бұрынғы парламент спикері әрі Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Адахан Мадумаров - өз үзеңгілестерін сабырлыққа шақырды.

«Біртұстас Қырғызстан» партиясы штабының өкілі мәлімдегендей, жұрт наразылық митингілерін жалғастыра бермекші.
XS
SM
MD
LG