Accessibility links

Ош: қырғыздарды өлтірді деген айыпталушылар соққыға жығылды


Ошта осы жылдың маусым айында болған этникаарлық қақтығыста қырғыздарды өлтірді деп айыпталғандар соққыға жығылды. Оларды қаза болған қырғыздардың туыстары ұрған. Бұнымен қоса айыпталушылардың адвокаттары да зардап шеккен.

Екі жақ, жаздағы қақтығыстарда қаза болғандар ісіне қатысты қазанның 14-і күні болуы тиіс сот отырысына келген. Адвокаттардың бірі Нәзгүл Сүйінбаеваның айтуынша, сот ғимаратында болған қақтығыста көлік жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Бұдан бөлек, қазанның 13-і күні Ошта этникалық өзбектерге қатысты сот отырысы кезінде дәл осындай қақтығыс болды. Нәтижесінде екі сот отырысы да кейінге қалдырылды.
XS
SM
MD
LG