Accessibility links

Қазақтың футбол құрамасы бапкерсіз қалды


Бейсенбі күні Астанада Қазақстанның Футбол федерациясы Атқарушы комитетінің мәжілісінде ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бернд Шторкпен арадағы келісім-шартты жалғастырмау туралы шешім қабылданды.

Жұма күні Футбол федерациясының басшылығы Алматыда өткізген баспасөз-маслихатында хабарлағандай, федерацияның Атқарушы комитеті неміс бапкерінің жұмысын саралай келе, Бернд Шторк алдына қойылған міндеттерді атқара алмады, соған байланысты ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы орнынан кетуге тиіс деген қорытындыға келді.

Қазір қазақтың ұлттық футбол құрамасының жаңа бапкерін таңдау жұмысы басталды.
XS
SM
MD
LG