Accessibility links

Пәкістанда НАТО-ның жүк көлігі шабуылға ұшырады


Пәкістанның солтүстік-батысында жұма күні бүлікшілер Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жүк таситын көлікке шабуыл жасады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, көлік жүргізуші мен оның көмекшісі оққа ұшты. Шабуыл тәліп жасақтары белсенді әрекет ететін Хайбер ауданында болды.

Бұл оқиға Пәкістан үкіметінің Ауғанстанмен арадағы шекара өлкелін қайта ашуынан бірнеше күн өткенде болып отыр.
Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жүк осы өткелден де өтеді.
XS
SM
MD
LG