Accessibility links

Исламабад Кабул-Талибан келіссөзін жеңілдетуге әзір


Пәкістан Ауғанстан үкіметі мен Талибан қозғалысы арасындағы келіссөзді жеңілдетуге әзір екенін мәлімдеді.

Жұма күні Брюссельде сөйлеген сөзінде Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына ресми Исламабадтың да мүдделі екенін мәлімдеді.

Курешидің бұл мәлімдемесінен 1 күн бұрын НАТО одағының америкалық шенеунектері ауған үкіметінің Талибан қозғалысымен бітімге келу туралы келіссөз жүргізуін қолдайтынын атап көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG