Accessibility links

Косовода парламент сайлауы ақпанда өтеді


Косово 13 ақпанда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізбекші. Бұл турасында өзін-өзі жариялаған республиканың басшысы міндетін уақытша атқарушы Якуп Красничи жұма күні мәлімдеді.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттілігі Косово президенті Фатмир Сейдиудің отставкасына байланысты туындады.

Конституциялық сот Сейдиудің президент болып сайланғаннан кейін де, Косово демократиялық лигасының жетекшілігі қызметін атқарғанын заңға қайшы деп тапқан еді. Сондықтан қыркүйек айының соңында ол президенттіктен кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG