Accessibility links

Қытайда шахта апатынан 20 кенші қаза тапты


Қытайдың Хэнань провинциясында шахта жарылысынан 20 адам мерт болып, 17-сі жоғалып кеткен. Құтқару орталығының деректері бойынша, апат орын алған сәтте жер астында 276 шахтер болған.

Қытайдың көмір өнеркәсібі әлемдегі қауіпсіздігі ең төмен сала болып саналады. 2009 жылдың өзінде қытай шахталарындағы апаттардан қаза тапқан кеншілер 2600-ден асады.

Қытай баспасөзінің жазуына қарағанда, биылғы жылы билік заңсыз жұмыс істеп жатқан және техника қауіпсіздігін сақтамайтын бір мың алты жүзге жуық шахтаны жапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG