Accessibility links

Францияда ереуіл басталғанына бес күн болды


Францияда зейнетақы реформасына қарсы жалпыұлттық наразылық акциялары бес күннен бері жалғасып жатыр. Кәсіподақтар миллиондаған адамды көшелерге алып шығамыз дейді.

Ереуілдер салдарынан елде әуе қатынасы мен теміржол тасымалында, жылумен қамтамасыз етуде іркілістер байқалды.

Кәсіподақтардың жаппай наразылығына қарамастан, Франция үкіметі зейнеткерлікке шығу жасын ұзарту жөніндегі парламент мақұлдаған заңды қолданысқа енгізбек ниетте. Ол зейнетақы қорындағы жылдық дефицитті 32 миллиард еуроға қысқартуға қол жеткізеді.

XS
SM
MD
LG