Accessibility links

Меркель: Германияда көп салалы мәдениет құру сәтсіз болды


Германия канцлері Ангела Меркель елде көп салалы мәдени қоғам құру әрекеттері сәтсіз аяқталды деді. Ол бұл пікірін Потсдамда Христиан-демократиялық одағының ұйымдастыруымен өткен жастар белсенділерінің жиынында айтты.

Меркелдің пікірінше, түрлі мәдениеті бар ұлттардың бір-бірімен қатарласып өмір сүруіне жол ашқанымен, көпсалалы мәдени қоғам құру шаралары еш нәтиже бермеді.

Германия канцлері сондай-ақ, иммигранттар неміс қоғамына сіңіп кетуге көбірек күш салуы керек, әсіресе тілді үйренулері тиіс деп атап өтті.

Оның бұл мәлімдемесі елдегі бірқатар ықпалды саясаткерлердің Германияға мигранттардың ағылуына қатысты елде проблемалар тууы мүмкін деген ескертулерінен кейін айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG