Accessibility links

Иран америкалық кәсіпкерді босатты


Иранда екі жылдай қамауда отырған АҚШ азаматы, кәсіпкер Реза Тагхави босатылды.

Тагхави оппозициялық ұйымдармен байланысы үшін күдікке алынып, қамауға алынған. Ол оппозиция белсендісіне 200 доллар берді деп ұсталған. Бірақ Теһран түрмесінде отырған америкалық кәсіпкерге ресми айып тағылмаған болатын.

Реза Тагхави өзіне ол ақшаны беруді Калифорниядағы танысы сұрағанын айтып, оған көмектесуге келіскенін айтқан.

Америкалық кәсіпкер Ирандағы туыстарына жиі барып тұрған.
XS
SM
MD
LG