Accessibility links

Пентагон: WikiLeaks тағы құпия ақпараттар жариялауы мүмкін


WikiLeaks сайтында Ирактағы соғысқа қатысты тағы да мыңдаған құжаттар жариялануы мүмкін.

Пентагон өкілінің хабарлауынша, қазір 120 адамнан тұратын арнайы топ құрылған. Олар жариялануы мүмкін құжаттардан кейін туындайтын проблемаларды шешуі тиіс.

Болжам бойынша, құпия ақпараттар сайтта жақын арада пайда болады. Онда Ирақтағы әскери операциялар кезінде бейбіт тұрғындар өліміне қатысты және тағы да басқа ақпараттар жария етілмек.

Айта кету керек, Пентагон осы уақытқа дейін құпия ақпараттардың қашан және қалайша жайылып кеткендігін анықтай алмай отыр.

WikiLeaks сайтында осы жылдың шілде айында Ауғанстандағы оқиғаларға қатысты 70 мыңнан аса құпия құжаттар жариялаған еді. Сайт басшылығы болса өз дереккөздерін жариялаудан бас тартқан еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG