Accessibility links

Жапонияда 12 күндік халықаралық форум ашылды


Дүйсенбі күні Жапонияда биологиялық сан-алуан тіршілік бойынша халықаралық конференция басталды. Оның мақсаты – түрлі өсімдік пен жан-жануардың жойылуына жол бермеу шараларын қарастыру.

12 күн жалғасатын халықаралық форум Ногайя қаласында ашылып, оған БҰҰ-ның биологиялық сан-алуан тіршілік бойынша конвенциясына қосылған 190-нан астам мемлекет қатысып отыр.

БҰҰ-ына мүше елдер 2002 жылы биологиялық тіршілік түрлерінің одан әрі жоғалу қарқынын 2010 жылға қарай қысқартуға келіскен болатын.

Жуырда Ұлттар Ұйымы бұл мақсаттың жеткілікті түрде орындалмағанын атап көрсетті.

Ногайядағы форумның ашылуында Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Рю Мацумото: - Биологиялық тіршіліктің жоғалуы тұрғысынан келгенде әлем жойылған тіршіліктің орнын толтыра алмайтын сәтке жақындады, - деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG