Accessibility links

Иосиф Кобзон Астанадағы форумда есінен танып қалды


Дүйсенбі күні - 18 қазанда – Астанада ашылған Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының мінберінен сөйлеп тұрған кезінде белгілі ресейлік әнші Иосиф Кобзон есінен танып қалды. Оған шұғыл дәрігерлік көмек көрсетіліп, есін жинаған соң белгілі әнші тағы да сөзін жалғастырмақ болды. Алайда Кобзонның халі тағы да нашарлап, дәрігерлер оны залдан алып кетуге мәжбүр болды.

ҚазТАГ агенттігінің мәліметі бойынша, Иосиф Кобзон ұлттық ғылыми-медициналық орталыққа жеткізілді.

Орталықтың директоры Абай Байгенжин агенттік тілшісіне: «Оның халі ауыр болған жоқ, әбден шалдыққан болса керек, ол өзіне дәрігерлік көмек көрсетілген соң, қайтып кетті», - деп хабарлаған.

Life News хабарлағандай, 73 жастағы әншіге «ішектері қабынды» деген диагноз қойылыпты.
XS
SM
MD
LG